Презентация на тему "Омыртқа остеохондрозы. Неврологиялық белгілері. Диагностикасы. Емі."

Презентация: Омыртқа остеохондрозы. Неврологиялық белгілері. Диагностикасы. Емі.
Включить эффекты
1 из 25
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
5.0
2 оценки

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Интересует тема "Омыртқа остеохондрозы. Неврологиялық белгілері. Диагностикасы. Емі."? Лучшая powerpoint презентация на эту тему представлена здесь! Данная презентация состоит из 25 слайдов. Средняя оценка: 5.0 балла из 5. Также представлены другие презентации по медицине для студентов. Скачивайте бесплатно.

Содержание

  • Презентация: Омыртқа остеохондрозы. Неврологиялық белгілері. Диагностикасы. Емі.
    Слайд 1

    Мойын, кеуде, бел - сегізкөз омыртқа бөлімдерінің анатомо – физиологиялық ерекшеліктері. Омыртқа остеохондрозы. Неврологиялық белгілері. Диагностикасы. Емі.

  • Слайд 2

    Мойын омыртқасы. (vertebrae cervicales) Кеуде омыртқасы.(vertebraethoracicae) Бел омыртқасы. Сегізкөз. Құйымшақ.

  • Слайд 3

    Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері.

    Омыртқа жотасының зақымдануы  тірек- қимыл жүйесіндегі жарақаттардың ішінде 17 %  құрайды. Омыртқа жотасының  мойын, кеуде, бел бөлімдерін және сегізкөз бен құйымшақты ажыратады.Омыртқаның жоғарғы мойын бөлімі өзінің  анатомиялық құрылымының ерекшелігіне байланысты  краниовертебральды ауысу деп саналады.Омыртқа бағаны өзінің дамуы мен өсуі барысында  вертикальды жүктемеге қарсы тұра алатын серіппелі жүйеге айналған мойындық  және бел лордозымен және кеуде сегізкөз- құйымшақ кифозымен ерекшеленеді.  

  • Слайд 4
  • Слайд 5

    Омыртқа  денеден, доғасынан, екі аяқшасынан, сүйір, екі көлденең, төрт буындық өсінділерден тұрады.Омыртқа бағанының әр бөлімінде  омыртқалардың құрылымының өз ерекшеліктері болады.Мысалы, бірінші мойын омыртқасы  денесінің орнына  латеральды салмақпен байланысқан екі доғадан тұрады.Барлық мойын омыртқаларында  көлденең өсінділерінде омыртқа артериялары өтетін тесіктері  болады.Доғалар, денелері мен аяқшалары арсында омыртқалық қуыс бар, және осы жерден омыртқа өзегі дамиды.Омыртқалардың денелері арасында пульпозды ядро мен  фиброзды сақинадан тұратын  омыртқа аралық дисктер бар. Байланыстырушы   аппарат алдынғы, артқы бойлық, сүйірүсті, сүйіраралық, сары байламдар мен омыртқа аралық буын карсуласынан тұрады.омыртқа аралық дисктері бар екі омыртқа мен байланыстырушы аппарат омыртқалық сегментті құрайды..

  • Слайд 6

    Первый шейный позвонок - атлант (вид сверху) - задний бугорок; 2 - борозда позвоночной артерии; 3 - поперечное отверстие; 4 - боковая масса атланта; 5 - ямка зуба; 6 - передняя дуга; 7-передний бугорок; 8 - поперечный отросток; 9 - верхний суставной отросток; 10 - задняя дуга Шейный позвонок (вид снизу): - остистый отросток; 2 - поперечное отверстие; 3 - поперечный отросток; 4 - тело позвонка; 5 - позвоночное отверстие; 6 - передний бугорок поперечного отростка; 7 - задний бугорок поперечного отростка; 8 - нижний суставной отросток Осевой позвонок (вид слева): - передняя суставная поверхность; 2 - зуб; 3 - задняя суставная поверхность; 4 - верхняя суставная поверхность; 5 - поперечное отверстие; 6 - борозда спинномозгового нерва; 7 - дуга позвонка; 8 - остистый отросток; 9 - нижний суставной отросток; 10 - реберно-поперечный отросток; 11 - шейка зуба; 12 - тело позвонка

  • Слайд 7
  • Слайд 8

    Омыртқаның  анатомиялық құрылымында 3 тірек  комплекстерін : артқы, ортанңғы, алдынғы ажыратады. Алдыңғы тірек комплексі алдыңғы бойлық байламнан,  омыртқаның алдынғы 2/3 бөлігінен және омыртқааралық дисктен тұрады.  Ортанғысы омыртқаның артқы 1/3 бөлігінен артқы бойлық байламнан тұрады. Артқы комплекс  доғалардан, сүйір, буын өсінділерінен, сүйірүсті, сүйіраралық , сары байламдардан тұрады. Омыртқа  өзегінде  жұлын мен ат қылының  түбіршелері орналасқан. Жұлын қатты, торлы, жұмсақ қабықшамен қапталған және омыртқа өзегіне клетчатка және түбіршелер арқылы бекітілген. Жұмсақ және торлы қабықшалар арасында  субарахноидальды кеңістік бар, және онда 120– 140 мл жұлын сұйықтығы болады. . Жұлынның  мойын (С 1-7), кеуде ( Th 1-12 ), бел ( L 1-5 ), сегізкөз ( S 1-5 )  және құйымшақ (Со 1-3)  бөлімдерін ажыратады.

  • Слайд 9

    Жіктелуі.

     Асқынуына байланысты  (жұлын және оның түбіршелерінң зақымдалуы ).   Асқынған   Асқынбаған   Жарақат механизмінің сипатына қарай:   Бүккіш   Жазғыш   Вертикальды (атылған )   Флексионды –ротациялы

  • Слайд 10

    Компрессиялық сынық   

    Компрессия дәрежелері -   I д – компрессия омыртқа денесінің биіктігінің 1/3 не дейін   II . д- компрессия 1/3 ден 1/2ге дейін     IIIд - компрессия 1/2 жоғары   Атылған  сынықтар  Орналасуына байланысты  мойын бөлімі –   С1 омыртқасының доғасының сынығы –Джеферсон сынығы   С2 омыртқасының доғасының сынығы –хэнгман сынығы  («асылған » сынық);   С2 омыртқасының тісінің сынығы   –   1 тип  –тістің жиекті сынығы   2 тип  – тістің негізінің  сынығы   3 тип – тістің негізінің  және денесінің сынығы.   Кеуде бөлімі   Бел бөлімі   Сегізкөз   Құйымшақ   С 5 омыртқасының сүйір өсіндісінің сынығы.

  • Слайд 11

    Орналасуынабайланысты :  денесініңсынығы.  денесінің  жиектісынығы   сүйірөсіндісініңсынығы   көлденеңөсіндісініңсынығы   доғалардыңсынығы   омыртқааралықдисктердіңзақвмдануы  спондилолистез.

  • Слайд 12

    Омыртқа остеохондрозы – омыртқааралық диск шеміршегі дегенеративті зақымдалуының жəне омыртқаның аралас денелері мен айналасындағы тіндер тарапынан реактивті өзгерістердің дамуымен мінезделетін ауру.

  • Слайд 13

    Жіктемесі

    Синдромды принцип – қандай нерв түзілулеріне патологиялық əсер етуіне байланысты, омыртқаның зақымдалған құрылымын – рефлекторлық жəне коммпрессиондық деп бөледі.  Рефлекторлық – иннервацияланатын бұлшықеттердің рефлекторлы ширығуы, бұлшықет-тонустық бұзылулар, қантамырлық, вегетативтік, дистрофиялық. Компрессиондық түбіршек, нерв, жұлын немесе қантамырдың тартылуы, жаншылуы (тиісінше радикулопатия, нейропатия, миелопатия, радикулоишемиялық синдром).

  • Слайд 14

    Қауіп қатерлі факторлар.

    1. Омыртқа аномалиясы.2. Люмбализация немесе сакрализация. 3. Омыртқааралық буындар қуыстарының асимметриялы орналасуы.4. Омыртқалық каналдың туа біткен тарлығы.5. Спондилогенді соматикалық жəне бұлшықеттік ауыру.6. Физикалық зорығу.7. Вибрация, мысалы, транспорт жүргізу кезінде.8. Психоэмоционалдық факторлар. 9. Аз қозғалысты өмір салты. 10. Темкі тарту.11. Семіздік.

  • Слайд 15

    Диагностика критерилері:

    1. Ауыру.2. Тартылудың оң симптомдары.3. Қозғалыстық жəне сезімталдылық бұзылулары.  4. Мануальді тестілеу.5. Екі проекциядағы рентгенография.6. КТ жəне /немесе МРТ. 

  • Слайд 16

    Бел деңгейіндегі зақымданулар:1. Люмбаго.2. Люмбалгия.3. Люмбоишалгия.4. Алмұрттəрізді бұлшықет синдромы.5. Кокцигодиния.6. Компрессиондық синдром.  Люмбаго: физикалық ширығу, ыңғайсыз қозғалыс, ұақ ширығу, мұздау кезіндегі, кейде анық себепсіз бел ауыруы. Кенеттен немесе бірнеше минут немесе сағат ішінде, жиі жағдайда оқ тəрізді. Ауыру қозғалыс кезінде ауыр көтергенде күшейеді. Тыныштық жағдайында ауыру кетеді. Люмбалгия: жіті басталмайды, ал бірнеше күннің ішінде. Люмбоишалгия: арқа, бел аумағындағы ауырсыну, бөксеге жəне санның артқы бетімен табанға жетпей таралып ауыруы.Кеуде деңгейіндегі зақымдалулар. Кеуде бөлімінің диск жарықтары барлық омыртқааралық дисктердің 1% азын құрайды. Мойын деңгейіндегі зақымданулар. Цервикобрахиалгия, цервикалгия. Иық-жауырындық периартроз. Иық жəне қол синдромы. Эпикондилит. Алдыңғы сатылық бұлшықет синдромы. Кіші кеуде бұлшықеті синдромы. Артқы мойындық симпатикалық синдром. Компрессионды синдромдар. Цервикобрахиалгия, цервикалгия. Мойындағы шүйдеге, иық алдына таралатын ауыру, Қозғалу кезінде немесе бір қалыпта ұзақ уақыт тұрғанда күшейеді.

  • Слайд 17

    Физикаллық тексерулер  Люмбаго. Қалыпты қозғалыс белсенділігі, сезімталдылық пен рефлекс өзгермеген. Бел аумағындағы қозғалыс көлемі төмендеген, бел аумағы пальпация кезінде ауырады, негізінен паравертебральді мускулатура спазмы байқалады, бел лордозының қалыңдауы немесе кифоз, жиірек сколиозбен.   Люмбалгия Клиникасы дəл люмбаго кезіндегідей. Люмбоишалгия. Вазомоторлық бұзылулар, қантолулардың бұзылулары, бояудың жəне аяқ терісі температурасының өзгеруі. Цервикобрахиалгия, цервикалгия. Мойын бұлшықеттерінің ширығуы, басты мəжбүрлеп бір қалыпта ұстау, мойын лордозының түзелуі. Терең пальпация кезінде жеке сүйектік өсінділерде ауыру байқалады. Омыртқаның алдында жəне артында орналасқан бұлшықеттерді қоса, рефлекторлық тониялық реакциялардың қалыптасуы мінезді. 

  • Слайд 18

    Компрессиондысиндромдар. Омыртқааралықдисктіңпротрузиясы – компрессиондысиндромныңжиісебебі. Радикулопатиякезіндегіауырудыңорналасуы 1,2 зақымдалғантүбіршекпеннервтелетін дерматомшекарасымен сəйкес. Айналып кету симптомдары тəн. Белдіккомпрессиондысиндромдар. Түбіршек, атқұйрығы, конуса, эпиконус компрессиясыа. Компрессияғакезкелгентүбіршекшалдығуымүмкін, бірақжиірек бел- сегізкөзбөліміндегітүбіршектерқысылады: L4; L5; S1. Оқ тəріздіауырулар, дерматомды гипалгезия, перифериялық парез, тереңрефлекстердіңəлсіреуі мен айналыпкетуі тəн. Түбіршектікауыруларқозғалыскезіндекүшейеді.   Мойындеңгейіндегізақымданулар. Түбірше, жұлын, артерия компрессиясы, Түбіршектердіңбіріжаншылғандаауыруқолға, жауырынғанемесекеудеклеткасының алдыңғыбетінеберіледі. Компрессияға тек қанатүбіршектерғанаемес, соныменқатар артериялар, жұлын (қантамырларыменбірге) жəне омыртқаартериясышалдығады.

  • Слайд 19

    Инструменталдық зерттеулер Рентгенологиялық зерттеулер, аталған сегмент конфигурациясының өзгеруі, шеткі пластинкалар деформациясы, омыртқааралық дисктердің қалыңдауы. КТ немесе МРТ протрузия немесе пролапстың болуы.  Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: - емнің физиотерапялық əдісін түзету – физиотерапевт консультациясы; - миелопатиялар, радикулоишемиялар көрінісі – нейрохирург консультациясы.Рентгенологиялық, КТ, МРТ белгілер: - жаңа түзілістер - онколог консультациясы; - туберкулезді спондилит – фтизиатр консультациясы; - инфекциялы спондилит – инфекционист; - ревматоидтық артрит, анкилдеуші спондилит – ревматолог немесе терапевт жəне басқалар консультациясы.  Жоспарлы госпитализациялауға дейінгі негізгі диагностикалық шаралар тізімі: - қанның жалпы анализі;- зəрдің жалпы анализі;- ЭКГ; - екі проекцияда омыртқа сегменттерін.- рентгенологиялық зерттеу.  Қосымша диагностикалық шаралар: омыртқа КТ жəне/немесе МРТ.

  • Слайд 20

    Дифференциалды диагноз: - омыртқаның жарақаттық зақымдалуы, перифериялық нерв жүйесінің екіншілік қосылуы; - омыртқа ісіктері немесе метастаздар; - деформациялаушы спондилоартрит; - остеопороз; - туберкулезді спондилит; - инфекциялы спондилит; - ревматоидтық артрит; - анкилдеуші спондилит; - ішкі ағзалар аурулары кезіндегі айқын ауырулар.

  • Слайд 21

    ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ

    Жеңіл жағдайларда:- кенет иілулерді жəне ауырсыну позаларын болдырмау; - ауыру басылғанша төсек режимі (2-3 тəулікке дейін); - бел аумағына жылулық емшаралар; - жергілікті əсердегі препараттар, маздер: хонроксид 5%, диклофенак жəне т.б.; - ауыру кезінде анальгетиктер; - арқа мен құрсақ прессін бүкіштерді нығайтуға жаттығулар; - физиотерапиялық емшаралар.  Ауыр жағдайларда - қатаң төсек режимі, омыртқааралық диск жарығы кезінде; - матрац астына щит; - анальгетиктер; - стероидты емес қабынуға қарсы – жаңа буындағы циклооксигеназа (ЦОГ) селективті ингибиторларына көңіл бөлінеді, лорноксикам 8 ден 16 мг/тəулігіне дейін, мелоксикам 7,5 тен 15 мг/тəулігіне дейін; - миорелаксанттарды паравертебральді бұлшықеттердің айқын ширығуында тағайындаған дұрыс; - жергілікті əсердегі препараттар, маздер: хонроксид 5%, диклофенак жəне т.б.; - айқын түбіршектік синдром, алмұрт тəрізді бұлшықет синдромы кезінде түбіршек компрессиясы аумағына емдік дəрі-дəрмектік блокадалар қолданған жөн. Емдік дəрі-дəрмектік блокадаларды кортикостероидтармен жүргізеді, мейлінше ұзақ əсердегі формасын қолдану қажет; - физиотерапиялық емшаралар, жылулық емшаралар, иглорефлексотерапия, емдік физкультура, тарту; - перифериялық нерв жүйесіның аурулары кезінде «В» тобындағы витаминдерді тағайындау маңызды табылады. 

  • Слайд 22

    Ем мақсаттары: жоғалған функцияларды қалпына келтіру.  Дəрі-дəрмексіз ем:1. Төсек режимі.2. Матрац астына щит.3. Физикалық жүктемелерді шектеу.4. Белдік корсет.5. Жұмсақ мойындық корсет.  Дəрі-дəрмектік ем: - аминобенозоин қышқылы; - дипроспан; - прокаин 0,5%; 2% 5-10 мл; - лорноксикам от 8 до 16 мг/тəулігіне; - мелоксикам от 7,5 до 15 мг/тəулігіне; - диазепам; - диазепам 10мг; - метамизол натрий; - дифенгидрамин; - хондроитин сульфаты 5%; - нейромультивит; - толперизон от 50 до 150 мг/тəулігіне. 

  • Слайд 23

    Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі

    Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі: 1. Прокаин 0,5%; 2%- 5-10 мл. 2. Лорноксикам. 3. Мелоксикам. 4. Метамизол натрий. 5. Дифенгидрамин. 6. Хондроитин сульфаты 5%.  Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: 1. Аминобенозоин қышқылы. 2. Дипроспан. 3. Нейромультивит. 4. Толперизон 50 ден 150 мг/тəулігіне дейін. Ем тиімділігінің индикаторлары:- ауыру синдромының болмауы;- қозғалыстық жəне сезімталдылық бұзылыстардың болмауы.

  • Слайд 24

    ПРОФИЛАКТИКА

    Профилактикалық шаралар: физикалық жүктемелерді шектеу, бұлшықеттік корсетті қалыптастыру үшін іш пен арқаның бұлшықеттерін нығайтуға жаттығулар кешені.

  • Слайд 25

    ГОСПИТАЛИЗАЦИЯ

    Шұғыл госпитализациялау үшін көрсетімдер:- асқынулар;- миелопатия құбылысы; - радикулоишемия;- арқалық қанайналымының бұзылуы.  Жоспарлы госпитализациялау үшін көрсетімдер:- айқын ауыру синдромы; - амбулаторлық ем тиімсіздігі;- себепті анықтау үшін тексеру (көлемді процесс, қабынба, жарақат).

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке