Содержание
-
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина УниверситетіКафедра:Қалыпты анатомияФакультет: Стоматология Студенттің Өзіндік ЖұмысыТақырыбы:Ми қабықтары Орындаған:105 топ Тексерген:Рахманов С.Б.
-
Жоспары: І.Кіріспе ІІ.Негізгібөлім 1.Бас ми қабықтары ІІІ.Қорытынды
-
І.Кіріспе
Ми қабығы (лат. meninges — ми қабығы) — ми мен жұлынды қаптап жатқан қабық. Ми қабығы — қатты,торлы және жұмсақ қабықтар болыпүш қабатқа бөлінеді.
-
Ми қабықтары
-
Қатты қабық(dura mater encephali)
Басқа қабықтар сыртын да жататын тығыз ақшыл дәнекер тінді қатты қабық.Оның сыртқы беті тікелей бассүйекке жанасып,олар үшін сүйек қабығы болып саналады.Ал ішкі беті эндотилииймен қапталған сондықтан тегіс және жылтыр болады.
-
Қатты қабық
-
Қатты қабық
Қатты қабықтың ішкі бетінен 4 өсінді шығады:үлкен ми орағы(falxcerebri),мишық шатыры(tentoriumcerebelli),мишық орағы(falxcerebelli) және ертоқым көкеті(diaphragmasellae).
-
Үлкен ми орағы(falxcerebri)
Екі үлкен ми сыңарлары арасында сагитталды орналасқан.
-
Мишық шатыры(tentoriumcerebelli)
Горизанталды керілген,үлкен мидың шүйде үлестерін төмен орналасқан мишықтан бөліп тұрады.
-
Мишық орағы(falxcerebelli)
Үлкен ми орағы сияқты сагитталды орналасады,бұл аласа өсінді мишықтың артқы тілігіне еніп тұрады.
-
Ертоқым көкеті(diaphragmasellae)
Түрік ертоқымы түбінде гипофиздік шұңқырды үстіңгі жағынан шектейтін табақша.
-
Қатты қабық қойнаулары(sinus duraematris)
Қатты қабық қойнаулары қабырғаларының серпімсіздігі бассүйек ішіндегі қысым өзгергенде қанның еркін ағуын қамтамасыз етеді,бұл мидың үздіксіз қызмет атқару үшін маңызды.
-
-
ТОРЛЫ ҚАБЫҚ(ARACHNOIDEA ENCEPHALI)
Қатты қабықтан субдуралды кеңістіктің каппилярлы саңылаумен бөлінеді.Торлы қабық жұмсақ қабық сияқты мидың жүлгелеріне енбейді.
-
Торлы қабық цистерналары
Жұмсақ және торлы қабық арасы сұйыққа толы торлы қабықастындағы(cavitassubarachnoidalis) кеңістіктүзеді.Осы кеңістіктер күшті дамып сұйықтығы бар кең де терең цистерналар түзеді.Цистерналардың 4 түрі бар:Мишық-ми цистернасы(cisternacerebellomedularis),аяқшааралық цистерна(cisternainterpeduncularis),қиылыс цистернасы(cisternachiasmatis),мидың латералды шұңқырының цистернасы(cisternafossalateraliscerebri).
-
Торлықабық цистерналары
1.Мишық-ми цистернасы мишықтың артқы жиегімен ми арасында жататын ең үлкен цистерна. 2.Аяқшааралық цистерна ми аяқшалары арасында орналасады. 3.Қиылыс цистернасы көру қиылысы алдында орналасады. 4.Мидың латералды шұңқырының цистернасы мидың латералды бөлігінде орналасады.
-
Торлы қабық цистерналары
-
Торлы қабықтың ерекшелігі
Торлы қабықтың ерекшелігі-оның түйіршіктері(granulationesarachnoidales).Ол сұр қызғылт түсті торлы қабықтың кішкене өсінділері.Олар балаларда да,ересектерде де болады,бірақ қартайған кезде олар көбейіп ұлгаяды,бассүйекке қысым жасап шұңқыршалар түзеді(foveolaegranulares).
-
Торлы қабық түйіршіктері
-
Жұмсақ қабық(pia mater encaphali)
Миға тығыз жанасып,оның бетінің барлық жүлгелері мен саңылауларына енеді.Жұмсақ қабықта қан тамырлар мен тамырлы өрімдер болады.Жұмсақ қабық тек сүтқоректілерде ғана дамыған.
-
Жұмсақ қабық
-
қорытынды
Ми қабығы – ми мен жұлынды қаптап жатқан қабық.Ми қабығы — қатты,торлы және жұмсақ қабықтар болыпүш қабатқа бөлінеді.Сыртқы қатты қабық тығыз дәнекер ұлпасынан құралған қалың қабық. . Ортаңғы торлықабық — борпылдақ дәнекер ұлпасынан түзілген жұқа тамырсызқабық.Ішкі жұмсақ қабық миға тығыз жанасыптұратын қабық.
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.