Содержание
-
Ауыздың кілегейлі қабатының анатомо-топографикалық, гистологиялық, гистохимиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Біріншілік, екіншілік элементтер, патологиялық өзгерістер.
-
Ауыздың кілегейлі қабығының анатомиялық, гистологиялық құрылысы, физиологиясы.
Кілегейлі қабық ауыз қуысын ұрт жағынын және қуыс жағынан жауып, барлық бездерінің түтікшелерінің қабырғаларын төсеп жатады. Кілегейлі қабық көп катпарлы эпителийден, базальді мембранадан, кілегейлі қабықтың негізгі қабатынан және астыңғы кілегейлі қабықасты қабатынан тұрады. Қалыпты жағдайда кілегейлі қабық ақшыл-қызыл түсті, жылжымалы, беті жақсы ылғанданған. Қайта құрылу қабілеті жоғары.
-
Көп катпарлы эпителий.
КҚ бетін жапқан эпителий ауыз қуысына қарайды. Эпителийдің беткі қабаты түлеп, кейбір бөлігі мүйізгектенеді. Мысалы: қатты таңдайдың, тілдің, қызыл иектің эпителий қабаты. Бұл жерлерде жасушылар мүізгектеніп бірнеше қабаттан тұрады және олардың ядросы болмайды. Одан төмен дәнді жасушылар қабаты орналасқан. Олар ұзынша болып келеді, цитоплазмасында кератогиалин дәндері бар. Қалыпты жағдайда ауыз қуысының түбінде, өтпелі қатпарда, тіс-қызыл иек қалтасында, тілдің астыңғы жағында эпителий мүізгектенбейді. Бұл жерде жалпақ тікенек тәрізді жасушалар орналасқан. Эпителийдің ең терең қабаты цилиндр немесе куб тәрізді клеткалар, олар өсу клеткалар болып табылады. Базальды мембранаға жақын орналасқан, сондықтан базальды қабат деп аталады. Эпителий негізінен базальды қабаттың клеткаларының бөлінуінің арқасында жаңарып отырады.
-
Базальды мембрана.
Структурасы жағынан күрделі құрылым. Ол негізінен белгілі бір бағытта орналасқан жіңішке аргирофильді талшықтар өрімінен тұрады.Олардың кейбірі базальды қабатқа бағытталып, цилиндр тәріздес жасушалармен байланысады.Сонымен, БМ эпителий қабатты кілегейлі қабықтың негізгі қабатымен байланыстырады.
-
Кілегейлі қабықтың негізгі қабаты.
Ол дәнекер тіннен, талшықты құрылымнан және жасушыралдан тұрады. Дәнекер тіннің қорғаныстық қызметі- механикалық барьер жасай алуында микробтарды өткізбеу. Талшықтар құрылымдар негізінен коллаген талшықтарынан тұрады. Олардың көпшілігі қызыл иекте және қатты таңдайда орналасқан. Негізгі қабаттың клеткалық элементтері: фибробластар, макрофагтар, толықша, плазматикалық, гистиоциттер. Осы қабатта қызыл және көк тамырлар жүйесі, нерв өрімдері көптен кездеседі, тақтильдік, қысымдық, ауруды сезетін, темпетаруралық және хеморецепторлар бар.
-
Кілегейлі қабық астындағы қабат.
Кілегейлі қабық астындағы қабат – ол борпылдақ дәнекер тін.негізінен ауыз қуысының түбінде, еріннің өтпелі қатпарында, ұртта жақсы дамыған. Бұл қабатта майда қан тамырлары, кіші сілекей бездері, май бездері (Форсайд) орналасқан
-
Ауыз қуысының кілегейлі қабығының физиологиялық ерекшеліктері.
Ауыздың кілегейлі қабығы ас қорытуға, демалуға қатысады және қорғаныс қызметін атқарады.Қорғаныс қызметі келесі жолдармен жүзеге асады: - микробтарды өткізбеу (оба және туляремия тудырушымикробтарғана өте алады); - эпителий қабатының түлеуі; - қайта құрылудың жоғарғы дәрежеде болуы; - сілекей бөлінуі; - фагоцитоз; - капиллярлардың өткізгізгіштігі; - микробтық симбиоз;
-
Кілегейлікабаттаболатынөзгерістер.
КҚ болатын өзгерістер 2 топқа бөлінеді:қабыну және ісіктер. Морфогологиялық өзгерістер бойынша қабынудың үш түрін ажыратады: альтерациялық, экссудативтік, пролиферативтік.патологиялық үрдістер мүйізгектенуді бұзады. Акантоз- тікенек тәріздес қабатың қабыну әсерінен қалындауы. Паракератоз- мүйізгектенудің бұзылуы, мүйізді қабатта ядролы клеткаралдың сақталауы. Дискератоз- мүйізгектенудің дұрыс болмауы, кейбір эпителий клеткаларында патологиялық кератинизация байкалады. Гиперкератоз- мүйізді жасушалар қабаты түлеуінен, мүйізгектенуінің жылдамдығын. Мүйізді қабаттың қалыңдауы. Папилломатоз- дәнекер тін қабатының бүртіктерінің эпителий қабатына қарай өсу.
-
Вакуольды дегенерация- клеткалардың ішіне сұйқтық жиналып, олардың құрылымың бұзылуы.
-
Спонгиоз – (кеуектену)- тікенек тәріздес қабат клеткаларының құрылымы бұзылуы.
-
Баллонді дегенерация- тікенек тәріздес клеткалар арасында байланыстың жойылуы: жалқық жиналу әсерінен. Бөлініп шыққан клеткалар тобы жиналған жалқықты баллон немесе шар тәрізді жүзіп жүреді.
-
Акантолиз- тікенек тәріздес қабаттағы клеткалар өсінділері арасындағы байланыстың ыдырауынан болатын дегенерациялық өзгерістер. Ауызға және ерінге шығатын бөртпелер. Бұлар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік бөртпелер ертеректе өзгермеген кілегейлі қабық бетіне немесе ерін жиегіне шығады. Екіншілік бөртпелер- ертеректе өзгерген жерге шығады немесе біріншілік бөртпелердің ары қарай дамуынан пайда болады.
-
Біріншілік бөртпелер.
Дақ- ауыздың кілегейлі қабығының, еріннің түсін өзгертетін бөртпелер.Олар үш түрге бөлінеді: қабыну, пигменттік, геморрагиялық. Қабыну дақтар қан тамырларының кеңеюінен пайда болады. Түсі қызыл немесе өте қызыл болады. Диаметрі 1 см дақтар –розеолалар, одан үлкені-эритемалар.
-
Розеола
-
Пигментті дақтар- әр түрлі пигменттердің (меланин) жиналуынанболады. Геморрагиялық – қан тамырлық дақтар қан тамырларының жарылуынан немесе кеңеюінен пайда болады (гемангиома, петехия-нүкте тәріздес және экхимоздар – бірақ көлемді қан құйылу).
-
Түіншек (папула)- көп қабатты эпителийдің төменгі қабаттарында және бүртікті қабатта клеткалардың шамалышоғырлауынан пайдаболады, кілегейліқабық бетіненаздапкөтеріледі, ені 2-5 мм.
-
Түін- дәнекер тін қабатында немесе дәнекер тін асты қабатында клеткалардың шоғырлауынан пайда болады. Көлемі көк бұршақтан бастап жаңғақтын көлеміндей. Түін ыдырап, тесіліп жыланкөз ашылуы немесе терең жараға айналуы мүмкін. Бұдырмақ- кілегейлі қабықтың барлық қабатын ала клеткалардың шоғырлауынан пайда болады. Диаметрі 5-7 мм. Кілегейлі қабық бетінен көтерінке орналасқан. Пішіні шар тәріздес (жарты шар). Бұдырмақтар тез ыдырапжараға айналады, ал олартыртықтанып жазылады.
-
Күлдіреуік бөрткен – дәнекер тін қабатының жедел шектеле ісінуінен туындайды. Пішіні томпақ келген, ақшыл-сұр түсті. (Квинкедомбығы).
-
Көпіршік бөрткен- кілегейлі қабатта шамалы мөлшерде жақықтың жиналуынан пайда болады, іші қуыс, серозды немесе қанды жалқыққа толы, диаметрі 5 мм дейін, пішіні жарты шар тәріздес, көтеріңкі орналасқан.
-
Күлбреуік бөрткен – көпіршік бөрткеннен үлкен болады, эпителий қабатынының ішінде немесе астында орналасады. Бұл бөрткендер ауыз қуысында көп тұрмайды, тез жарылып эрозияға (жұқа жараға) айналады. Киста- қуысты құрылым, эпителиймен төселген дәнекер тінді қабығы бар. Іріндік- кілегейлі қабықтың қабаттарында шамалы мөлшерде ірінді жалқықтың жиналуынан пайда болады. Абсцесс- әр түрлі көлемді, іші қуыс, ірінді жалқыққа толы элемент. Кіші іріндіктердің қосылуынан немесе патологиялық өзгерген тіндердің ыдырауынан пайда болады.
-
Екіншілік элементтер.
Жұқа жара- эпителий қабатының бүтінділігін бұзылуынан пайда болады. Көбінесе біріншілік элементтің орнында дамиды.
-
Афта – беті фибринді қақпен жабылған жіңішке қызыл жолақпен қоршалған. Домалақ немесе сопақ пішінді кішкентай жара. Диаметрі 5 мм жақын.
-
Ойық жара – Ulkus – кілігейлі қабықтың сызат тәріздес ақауы.
-
Тілік – кілегейлі қабықтың сызат тәріздес ақауы.
-
Кабыршақ – (sguama) толық түлеп түспеген мүйізді қабық қабаты.
-
Қабат –(crista) – әр түрлі жалқықтардың кебуінен пайда болған екіншілік элемент.
-
Тыртық – кілегейлі қабықтағы ақаудың орнын басқан дәнекер тіннен тұратын элемент. Қақ – кілегейлі қабықта микроогранизмдерден, фибринді қабыршақ немесе эпителийден пайда болады.. Әр түсті болады.
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.