Содержание
-
-
Кешірімділік – көңіл кеңдігіҚарым – қатынас мәдениеті
-
Сабақтың мақсаты: Білімділік: “кешірім”, “кешірімділік”, қарым-қатынас мәдениеті жайындағы түсініктерін кеңейту; Дамытушылық: айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарап, қарым-қатынас мәдениетін сақтауға дағдыландыру; Тәрбиелік: кешірімділікке, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
-
Сабақтың барысы:
1. Шаттық шеңбері 2.Ойланайық, пікірлесейік! 3. Оқулықпен жұмыс 4. Жаңа ақпарат 5. Дәйексөз 6. Жағдаяттарды талдау 7. Дәптермен жұмыс 8. Түйіндеме 9. Жүректен жүрекке
-
-
Ойланайық, пікірлесейік! Кешірім сұраған сәтің болды ма? Сеніңше кешірім сұрау кешіргеннен оңай ма? Адамдарға қарым-қатынастың қажеттілігі неде? Адамдармен қарым-қатынасты қалай құру керек деп ойлайсың?
-
Оқулықпен жұмыс
7-сынып: Теректің асқақтығы8-сынып:Кешірімнің күші
-
Жаңа ақпарат Адам кешірімшіл болып, кешіре білуге үйренгенде өмір қуанышқа, жақсылыққа толы болады. Ондай адам өзіммен өзі, өзгелермен үйлесімділікте өмір сүреді. Кешірімді болу – айналаңа деген мейірімді болудың, ақылдың, өзара түсінудің көрінісі. Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола түседі.
-
Дәйексөз
“Кешіре білген адам – күшті адам.” А.Йүгінеки “Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.” Рудаки
-
Жағдаяттарды талдау :
Нұрбол мен Арман бір үйдің балалары. Олар біраздан бері бір-біріне өкпелеп, сөйлеспейді. Үйде үнсіз ғана әрекет жасайды. Нұрбол үлкендігін ойлап, Арманда кешіре салғысы келгенімен, інісінің кішілік көрсету керектігі есіне түскенде, бұл ойынан айнып қалады. Ал Арман болса, ағасы үлкендік танытып, оны үнемі қамқорлыққа алуы тиіс деп кішіриетін емес. Бүгін ауылдан анасы телефон шалды. Телефон тұтқасын көтерген Арман ағасына ертең анасын вокзалдан күтіп алуы керектігін қалай айтарын білмей тұрып қалды.
-
Жанарқандай да біржарыссөзге түсер кезде, оның ойындақайткенде де қарсыласын сөзден ұту мақсаты ғана тұратын. Қанша ұтымды ойларайтқанмен, олжеңіске ұшырап қалатын.Себебінедедепойлайсыңдар?
-
Бір үйдің екі қызы бар. Ата-анасы екеуіне бірдей жағдай жасайды. Бірақ ағайынды екі қыздың бірі ылғи, ешнәрсеге көңілі толмай, көңілсіз жүреді. Ал екіншісі, керісінше, шатшадыман. Себебі неде деп ойлайсыңдар?
-
Дәптермен жұмысДәптерді екіге бөліп, бірінші бағанға өзіңе жақын адамдарды жазыңдар. Екінші бағанға жақын адамдарыңнан не күтесің (сезімі, әрекеттері), соны тізбектеп жаз.
-
Түйіндеме: Ойлағаныңыз тек оң болсын,өйтекені ойлағандарыңыз – сөздеріңіз болады. Сөздеріңіз тек оң болсын,өйткені сөздеріңіз – әрекетіңіз болады.Әрекетіңіз тек оң болсын,өйткені әрекетіңіз – әдетіңіз болады. Әдеттеріңіз оң болсын,өйткені әдетіңіз – құндылығыңыз болады. Құндылығыңыз оң болсын,өйткені құндылығыңыз – тағдырыңыз болады.
-
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.