Содержание
-
Педагогика пәні, зерттеу әдістері
-
“Педагогика” термині гректің екі сөзінен шыққан: “пайс” – балалар “эгейн” – баланы басқару,тәрбиелеу, жетектеу,бағу ұғымдарынаншыққан
-
Педагогика - жалпы адам тәрбиесі туралы ұғым тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оған қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс
-
Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Үнді, Қытай) философилық жүйесінде дамып, кейін жеке ғылым болып дами бастады XV-XVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адам-ның жеке басының тәрбиесі,оның дамуы ойшылдарды толғандырды,мәдениет пен педагогикалық бағыт “гуманизм” деп аталды Гуманистер жаңадәуір үшін жаңа адам қажеттілігін дәлелдеді. XIX ғасырда педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп шықты ПЕДАГОГИКАНЫҢ ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
-
Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы
-
Мектепке дейінгі педагогикаотбасы, балалар бақшасындағы, демек,мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді.Мектеп педагогикасымектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін,формаларын,мазмұның және нәтижесін анықтайды.Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады:1. Педагогиканың жалпы негіздері2. Тәрбие теориясы 3. Дидактика4. Мектептану (басқару теориясы)Дидактика – педагогиканың негізгі таруларының бірі.Педагогика тарихы – тәрбиенің шығуы мен дамуының тарихын зерттейдіПәндерді оқытудың әдістемесі оқыту және білім беру теориясы –жалпы дидактикаға сүйенеді
-
Дефектология – педагогика ғылымының арнаулы саласы. Дефектология көру,есту,сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттеп жетілдіреді. Дефектология 4 салаға бөлінеді: Сурдопедагогика-саңырау,мылқау және керең балаларға, Тифлопедагогика-көру қабілеті нашар балаларға, Олигофренопедагогика-ақыл-ойы кеміс балаларға, Логопдия-тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейді
-
Педагогикалық зерттеу әдістері – педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілер мен білімдерді талдаудың негізгі тәсілдері. Теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді.
-
Бақылау түрлері Педагогикалық бақылау- баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге болады Күрделі бақылау – зерртеу жұмысында қолданылады Жанама бақылау зерттеушінің Тапсырмасымен жүргізіледі Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады Адамның жеке өзі және біреу қарап тұрғандағы мінезі түрліше, сондықтан ашық және жабық бақылау қолданамыз Ұжым болып бақылау кезінде 1-ші – зерттеуші мұғалімнің іс - әрекетін, 2-ші – оқушылардың, 3-ші – жеке оқушылардың іс - әрекетін белгілейді Үздіксіз бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыс- тар бақыланады Зерттелетін педагогикалық құбылыстардың жасырын жерлеріне енуге мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау
-
Эксперимент – оқыту және тәрбиенің қандайда бір әдісін,тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу.Эксперимент өткізу алдында белгілі бір педагогикалық әдіс тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады
Көлемді экпериментке көп оқушылар қатысады. Ойдағы экперимент– іс - әрекетті санада жасау. Ғылыми педагогикалық зерттеу институттары шығарған оқулықтарының пайдалылығын арнайы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Зертханалық эксперимент арқылы зерттеуші өзінің гипотезасын алдын ала тексеру үшін жасанды жағдайлар жасалады. Табиғи эксперимент өткізу үшін зерттеуші жобаны оқу – тәрбие, басқару жұмысының күнделікті жоспарына енгізеді. Педагогикалық эксперименттің ережелері: оқушылардың денсаулығы мен дамуына оңтайлы ықпал етіп, олардың жан дүниесіне, өміріне зиянын тигізбеу.
-
Назарларыңызға рахмет!!!
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.