Презентация на тему "Ақша және тауар нарығындағы бір мезгілдегі тепе-теңдік: is-lm моделі"

Презентация: Ақша және тауар нарығындағы бір мезгілдегі тепе-теңдік: is-lm моделі
1 из 11
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
0.0
0 оценок

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Скачать презентацию (0.08 Мб). Тема: "Ақша және тауар нарығындағы бір мезгілдегі тепе-теңдік: is-lm моделі". Содержит 11 слайдов. Посмотреть онлайн. Загружена пользователем в 2019 году. Оценить. Быстрый поиск похожих материалов.

  • Формат
    pptx (powerpoint)
  • Количество слайдов
    11
  • Слова
    другое
  • Конспект
    Отсутствует

Содержание

  • Презентация: Ақша және тауар нарығындағы бір мезгілдегі тепе-теңдік: is-lm моделі
    Слайд 1

    Ақша және тауар нарығындағы бір мезгілдегі тепе-теңдік: IS-LM моделі

  • Слайд 2

    Жоспар:

    1.«AD-AS» және «IS-LM» моделдерінің өзара байланысы. «IS-LM» моделінің негізгі өзгермелі шамалары мен теңдіктері. 2. IS қисығының шығарылуы, оның еңкейгіштігі мен жылжуы. 3. LM қисығының шығарылуы, оның еңкейгіштігі мен жылжуы. «IS-LM» моделіндегі тепе-теңдік. 4. «IS-LM» моделіндегі фискалды жєне монетарлық саясаттарының салыстырмалы тиімділігі. 5. Жиынтық сұраным қисығын шығару. Бағалар деңгейі өзгергендегі «AD-AS» жєне «IS-LM» моделдеріндегі экономикалық саясат.

  • Слайд 3

    1. «AD-AS» жєне «IS-LM» моделдерінің өзара байланысы. «IS-LM» моделінің негізгі өзгермелі шамалары мен теңдіктері.

  • Слайд 4

    IS-LM» моделі (инвестициялар – жинақтар, өтімділікті талғау – ақша ұсынымы) – жиынтық сұраным функциясын белгілейтін экономика-лық факторларды анықтауға мүмкіндік беретін тауарлық-ақшалық тепе-теңдіктің моделі.

  • Слайд 5

    Модель тауарлық және ақшалық нарықтарда бірдей орнаған тепе-теңдік жағдайындағы пайызақы R-дың жєне ұлттық табыс І-тің нарықтық мөлшерлерінің үйлесімдерін табуға арналады. Сондықтан, «IS-LM» моделі «AD-AS» моделінің жекелеген жақтарын тереңдеп талдайды.

  • Слайд 6

    «IS-LM» моделінің негізгі теңдіктері: Y= C+I+G+Xn - негізгі макроэкономикалық теңдік C = a+b(Y-T) - тұтыну қызметі(функциясы), мұнда T=Ta+tY I= e – dR - инвестиция қызметі Xn= g- m`Y –nR - таза экспорт қызметі M/P = kY –hR – ақшаға деген сұранымның қызметі

  • Слайд 7

    Модельдің ішкі шамалары: Ү(табыс), С(тұтыну), І(инвестициялар), Xn(таза экспорт), R (пайызақы ставкасы). Модельдің сыртқы шамалары: G (мемлекеттік шығындар), MS (ақша ұсынымы), t (салық ставкасы).

  • Слайд 8

    Эмпирикалық коэффициенттер: олар салыстырмалы түрде тұрақты болады және әрқашан жағымды шамалар болады (мөлшерлері >0) a - автономды тұтыну шығындары, b – шекті тұтынуға бейімділік (mpc), e - сыртқы экономикалық факторлармен белгіленетін (пайдалы қазбалар қорлары, техникалық ашулар нєтижелері) автономды инвестициялар, d – инвестициялардың пайызақы ставкасының өзгеруіне сезімталдығы, g- автономды таза экспорт, m`- импорттауға шекті бейімділік, n – таза экспорттың пайызақы ставкасы өзгеруіне сезімталдығы, k - номиналды ақша қалдықтарының(М) номиналды табыстағы(РҮ) үлесі немесе ақшаға деген сұранымның табыс µзгеруіне сезімталдығы, h – ақша сұранымының пайызақы ставкасы өзгеруіне сезімталдығы.

  • Слайд 9

    IS-LM» моделінің қысқа және ұзақ мерзімдегі ерекшеліктері келесідей білінеді. Қысқа мерзімде экономика толық жұмысбастылықтан тыс жағдайында болғанда (Ү≠Ү*),бағалар деңгейі Р тұрақты (алдын-ала белгіленген), ал пайызақы R-дың және Ұлттық табыс Ү-тің мөлшерлері құбылмалы (жылжымалы). P=const болғандықтан шамалардың нақты жєне номиналды мµлшерлері бірдей болады. ¦зақ мерзімде экономика толық жұмысбастылық жағдайында (Ү≠Ү*) болғанда бағалар деңгейі Р µте құбылмалы. Мұндай жағдайда MS номиналды шама болып табылады, ал модельдің басқа параметрлері – нақты шамалар болады.

  • Слайд 10

    2. IS қисығының шығарылуы, оның еңкейгіштігі мен жылжуы.

  • Слайд 11

    IS қисығы – тауарлық нарықтағы тепе-теңдікті белгілейтін қисық.

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке