Содержание
-
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
-
Ағартушы Ұлы педагог Қоғам қайраткері Фольклоршы Жазушы Этнограф Аудармашы Ғалым Ақын Тұңғыш оқу құралын шығарушы
-
Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай қаласында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының – белгілі би Балқожаның қолында тәрбиеленді. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.
-
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим) Туып-өскен жері — Қостанай облысының Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. Тобыл өзені
-
Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды.
-
Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірліккредосына айналды.
-
Өзінің мінез-құлқы жағынан Қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
-
1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекінісніде /Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тілінен мұғалім етіп тағайындайды. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралына қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап, халыққа мектептің пайдасы туралы әңгіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады.Ыбрайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат ашылады.
-
1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды. Қостанай Ақтөбе
-
Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсыкүрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі.
-
Ырғыз Ақтөбе
-
Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Ыбырай балаларды мазмұнды олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен» – деп жазды. Орынбор Омбы
-
Орынборда 1879 жылы Алтынсаринның тұңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл құралды орыс алфавиті негізінде жариялады.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырды. Олардың бірқатарын өзі жазды.
-
Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, «біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім». «Қазақ хрестоматиясы» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді
-
А.Ушинский, Л. Толстой, И.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне аударған.
-
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 48 жасында қайтыс болады. Қазақ даласында жарқ еткен жұлдыз сөнгенімен артында мәңгі өшпес мұралары мен шәкірттері халқына қызмет етіп келеді.
-
Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі
-
-
-
Ыбырай Алтынсариннің шығармалары: Кел, балалар, оқылық! Өнер, білім бар жұрттар. Әй, достарым! Әй, жігіттер! Ана Бұл кім?
-
Ыбырай Алтынсариннің шығармалары: Өзен Жаз Өсиет өлеңдері Мақал–мәтелдері Жұмбақтары
-
Ыбырай Алтынсариннің шығармалары: Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш Мақта қыз Таза бұлақ Әке мен бала Бақша ағаштары Шеше мен бала Қарға мен түлкі Асан мен Үсен Қарабатыр
-
Сахналық қойылым
-
Біз болмасақ, сіз барсыз, Үміт еткен достарым, Сендерге бердім батамды!
-
Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.