Содержание
-
Жарғаққанаттылар отряды - Hymenoptera
-
-
Әртүрлі ұзындығы 0,2 мм-ден 60 мм-ге дейін , басы кеудесімен еркін қозғалып тұратын, жарғаққанатты бунақденелілер.
-
Күрделі көздері ірі, үлкен; бұдан басқа қарапайым үш көзі болады. Мұртшалары жіп тәрізді , тізбекті, бүгілмелі, кейде қауырсын және таспиық тәрізді болады. Ауыз мүшелері кеміргіш, кеміріп-жалағыш, кейде редуцияланған, көкірек бөлшектері өзара тегіс тығыз біріккен. Тек кейбір түрлерінде алдыңғы жотасы ортаңғысымен аздап қозғалмалы болып табылады.
-
Аяқтарының табаны бес, кейде 3-4 буынды болады. Кейбір топтарында аяқтары қосымша қызметтер атқарады (ара тұқымдастарында артқы аяқтары тозаң жинағыш алдыңғылары-мұртшаларын тазалауға бейімделеген).
-
Қанаттары жұп біртекті, жарғақ, ұшу кезінде бірімен-бірі артқы қанатының алдыңғы жиегіндегі көптеген ілгектері арқылы бірікпелі, олар жуандаған және төмен қайырылып жалғасады, қанатының артқы шетіне ілінеді. Артқы қанаттары, әдетте алдыңғыларынан кіші болады. Кейде қанатсыз түрлері де кездеседі.
-
Аналықтарының құрсағында жұп өсіндісі, гениталды 8-9 стернитте құралған жұмыртқа салғышы болады. Егеуіштердің Piricoidea аналығының жұмыртқа салғышы қысқа және оның төменгі жақтаулары кетікті. Шаншарларда ол ұзын және кейде денесінің ұзындығын асады. Араларда және жабайы араларда жұмыртқа салғыш бізгекке айналған.
-
-
Жарғаққанаттылар толық түрленіп дамиды. Дернәсілдері құрттәрізді немесе жалған жұлдызқұрттар. Тоғышар түрлерінде аяқтары толығымен редуцияланған. Қуыршақтары ашық, көбінесе піллә ішінде болады.
-
-
Қоректену сипаты және маңызы жағынан жарғаққанаттылар алуан түрлі. Олар фитофагтар, беріш құрушылар, шырын немесе гүлтозаңын пайдаланушылар, жыртқыштар және бунақденелілердің тоғышары болып саналады. Тоғышарлар арасында үстеме тоғышарлар да кездеседі.
-
-
Отряд құрсақтарының орналасуына байланысты 2 отряд тармағына бөлінеді: 1.Қондырмақұрсақтылар-Symphyta 2.Сабақшалы құрсақтылар-Apocrita
-
Қондырмақұрсақтылар отряд тармағы - Symphila
-
Құрсағы қондырма түріне жататын, аяғының ұршық бөлімі 2 бунақтан тұратын, тек өсімдіктермен ғана қоректенетін бунақденелілер. Оларға орман ағаштарына зиян келтіретін мүйізқұйрықтылар мен егегіштердің бірқатар тұқымдастары жатады.
-
Сабақ егеушілер тұқымдасы – Cerphidae. Денесі бүйір жақтарынан аздап қабысқан, басы жұмыр, ұзындығы 7-15мм ірі немесе орташа бунақденелілер. Алдыңғы сирақтары бір тепкілі. Дернәсілдері жалғанжұлдызқұрт, түстері ақ, сарғыш, шала дамыған кеуде аяқтары S-әрпі тәрізді иілген. Құрсағының ұшында түтікше тәрізді без болады.
-
Егеушілер деп атайтын себебі: олар жұмыртқалар кезде өсімдік сабағын жұмыртқа қынабымен егеп теседі де, пайда болған тесікке жұмыртқасын салады. Одан шыққан дернәсіл өсімдік ішінде қоректеніп, сонда тіршілік етеді. Өкілдері: астық егеушісі (Cerphus pygmaeus L.), алмұрт егеушісі (Janus campressus F.) және т.б.
-
Нағыз егеушілер тұқымдасы – Tenthredinidae. Алдыңғы аяқтарының сирағы 2 тепкілі жалпақ денелі бунақденелілер. Дернәсілдерінің (жалған-жұлдызқұрттарының) құрсағында 6-8 жұп аяқтары болады. Аналықтары жұмыртқаларын көбінесе өсімдіктің жапырақ ұлпасына, жапырақ сағағына, өркеніне, гүл шанағына, жемісіне, кейде субстрат үстіне салады.
-
Көпшілік түрлері фитофагтар, ішінде қауіпті зиянкестері де кездеседі. Мысалы, алма егеушісі (Haplocampa testudinea KI), бозғыл аяқты тұшала егеуіші (Pristiphora pallies), рапс егеуіші (Athalia colibri Christ) және басқалары.
-
Сабақшалы-құрсақтылар отряд тармағы – Apocrita
-
Бұл топқа жататын жарғаққанаттылардың құрсағы сабақшалы немесе аспалы құрсақтар түріне жатады. Аяқтарының ұршық бөлімі 1 немесе 2 бунақтан тұрады. Дернәсілдері құрт тәрізді, аяқтары болмайды. Сабақшалы-құрсақтыларға, кейде өз алдына жеке паразитоидтар отряд тармағына бөлінетін бірқатар тұқымдастар, сонымен қатар құмырсқалар мен аралар да жатады.
-
Шаншарлар тұқымдасы – Ichneumonidae. Тоғышарлық тіршілік ететін жарғаққанаттылардың ішінде ең ірілері (ұзындығы 10-25 мм). Аналықтарының жұмыртқа салғыш қынабы ұзын болады. Ересек шаншарлар гүл шырынымен және балшығымен қоректенеді. Ал кейбір түрлерінің аналықтары жұмыртқа салғышымен шаншыған кезде жарақаттанған жерден шығатын иесінің гемолимфасын сорады.
-
Афелинустар тұқымдасы – Aphelinidae. Жарғаққананттылар отрядының бір тұқымдасы. Денелерінің ұзындығы 1-2 мм, өте ұсақ, сарғыш-қоңыр түсті бунақдеме. Мұртшалары 4-9, табандары 4-5 буынды. Көпшілік түрлері сымырлардың, өсімдік бітелерінің, жылыжай аққанаттыларының ішкі тоғышарлары. Қанаттарының жүйкелері шаншарларға ұқсас қарапайымдалып кеткен. Биологиялық күрес тәсілі үшін пайдалы түрлері: афилинус мали (Aphelinus mali Hald., Erisoma lanigerum).
Нет комментариев для данной презентации
Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.