Презентация на тему "Сүйектің дамуы және жасына қарай ерекшеліктері"

Презентация: Сүйектің дамуы және жасына қарай ерекшеліктері
Включить эффекты
1 из 24
Ваша оценка презентации
Оцените презентацию по шкале от 1 до 5 баллов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
3.1
3 оценки

Комментарии

Нет комментариев для данной презентации

Помогите другим пользователям — будьте первым, кто поделится своим мнением об этой презентации.


Добавить свой комментарий

Аннотация к презентации

Посмотреть и скачать презентацию по теме "Сүйектің дамуы және жасына қарай ерекшеліктері" по Биологии, включающую в себя 24 слайда. Скачать файл презентации 3.22 Мб. Средняя оценка: 3.1 балла из 5. Для студентов. Большой выбор учебных powerpoint презентаций по Биологии

Содержание

  • Презентация: Сүйектің дамуы және жасына қарай ерекшеліктері
    Слайд 1

    СӨЖТақырыбы:Сүйектің дамуы және жасына қарай ерекшеліктері

    Орындаған: Садыков Д. Тобы:002-1 к. Факультет:ЖМ Тексерген: аға оқытушы м.ғ.к. Ахмад Н.С.

  • Слайд 2

    Жоспар:

    Кіріспе: Сүйек дегеніміз не? Сүйектер туралы ілім Негізгі бөлім: Сүйектенудің түрлері Адам қаңқасының бөлімдері. Сүйектердің дамуы және жасына қарай ерекшеліктері Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер.

  • Слайд 3

    Сүйек

    Сүйек — сүйек коллагені мен аз мөлшерде суда ерімейтін кальций тұздарымен толыққан майдан тұрады. Сүйек сыртқы қатты қабаттан және ішкі кеуекті қабаттан тұрады.Сүйектің ортасындақызыл, сары, сұр май бар. Оның құрамында олеин, стеарин, және пальмитин қышқылдары бар. Сүйектен майдыалуүшін, алдымен, олардыжуады, майдалайды, соданкейінсүйектерді жылуменөңдеп (суменнемесебуменөңдеп немесеқұрғақтай қыздырып) алады. 100'С жоғары температурадаөңделген сүйектерден желім алынады. Сүйек майының түсі ақтан сарыға дейінболады. 1-ші сортындасұр рең болуымүмкін, дәмі мен иісіөнімнің өзіне тән болады .1-сортта жағымды қуырылған дәм,балғын сорпа , таңдаулы болуынарұқсат етіледі.

  • Слайд 4

    Osteologia Кез-келген сүйектің түзілуі механизмы текті жас дәнекер тінді жасушалар – остеобласттар есебінен жүреді, оларды басты тірек рөлін атқаратын жасушааралық сүйек заты жасап шығарады.Қаңқа дамуының 3 сатысына сәйкес сүйектер дәнекер немесе шеміршек тіндер негізінде дамиды. Сүйектенудің мынадай түрлерін ажыратады:

  • Слайд 5

    1. Эндесмалды сүйектену – алғашқы, жабынды сүйектердің дәнекер тіндерінде жүреді. 2. Перихондралды сүйектену шеміршек қабығының қатысуымен сүйектің шеміршекті бастамаларының сыртқы бетінде жүреді. 3. Периосталды сүйектену сүйектің шеміршекті моделінің сүйекті модельге ауысуымен шеміршек қабығы сүйек қабығына айналып, сүйек тінінің одан әрі қарай өсуі сүйек қабығының есебінен жүреді. 4.Эндохондралды сүйектену-тамырлары бар шеміршек бастамаларының ішінде жүреді.

  • Слайд 6

    Адам қаңқасы

  • Слайд 7

    Адам қаңқасы бірімен-бірі өзара әр түрлібайланысқан жеке сүйектерден тұрады. Ересек адамның қаңқасында 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектердеп бөлінеді.

  • Слайд 8

    Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан, түтікті сүйектер деп те атайды. Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бассүйек, қабырға, төс,жамбас сүйектері - жалпақ сүйектер. Қаңқа - тұлға, бассүйек, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.

  • Слайд 9
  • Слайд 10
  • Слайд 11

    Жасбалалардың сүйегінде органикалық заттар, ересекадамда минерал заттарыкөбірек болады.Омыртқа жотасы – бүкіл дененің тірегі. Олбір-біріменбуынарқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасынбескебөледі: 7 мойын, 12 көкірек немесекеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 қуйымшақ омыртқалары. Мұның ішіндеқұйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-біріменбірігіпкеткен, қалғандары жеке-жекеболады. Ересекадамның сегізкөз омыртқаларының арасыбірігіпсегізкөз сүйегіне айналады. Оның сыртқы ортасындабірігіпкеткенарқа өсінділерінен пайдаболған ортаңғы сегізкөз қыры, оның екіжағынан бірігіпкеткенбуынбеттеріненпайдаболған бүйір қыры, көлденең бүйір өсінділерінен пайдаболған бүйір қыры болады. Біріккеномыртқа тесіктеріненпайдаболған сегізкөз каналы омыртқа жотасыканалының жалғасы болыпесептеледі. Оның алдыңғы және артқы бетінденервтер мен тамырларөтетін тесігіболады. Сегізкөздің бүйір жақтарында қүлақша тәрізді жамбассүйегімен жалғасатын буынбетіболады. Оның артқы жағының бүдырлы жерінетарамыстарбекиді. Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзын дауболады. АдамныңIV-V-шіқүйымшақ омыртқаларының денесібірігіпқүйымшақ сүйегіне айналған.Мұны жануарлардың қүйрық омыртқаларының рудименті(қалдығы) депесептейді. Олардың өсінділері жойылып, денесіғана қалған. Тек І-шіқүйымшақ омыртқасында ғана қалған өте қысқа көлденең өсінділері бар.

  • Слайд 12

    Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы 1 жасындажеделжүреді. Жаңа туған нәрестелердің омыртқаларында алтысүйектену нүктелерін көруге болады. Олар 1 жасқа таманбірігебастайды. Омыртқалардың эпифизіалғашқы жылышеміршеккүйінде сақталады.Омыртқа аралығындағы буындардың шеміршектеріқалың және серпімдікеледі. Сондықтан олардың омыртқа жотасыересектерменсалыстырғанда жеңіл қимылдайды.Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасындафизиологиялық иілімдеріболмайды, 2-3 айда баланың мойыныбекігенненкейінмойын лордозы, 6 айданкейінотырабастағанда кеудежәне сегізкөз кифоздары 1 жасқа жақындап, бала жүре бастағанда бел лордозы пайдаболады.

  • Слайд 13

    Дегенменбіржастағы баланың омыртқа жотасының иілуінашарәрі түрақсыздау болады: таңертең ұйқы дан тұрғанда нашар, кешкетаманкүшейе бастайды. 2-3 жастаомыртқа оданәрі қарай сүйектене береді. Бұл мезгілдеомыртқаның денесісүйектен, ал эпифиздерішеміршектентұрады. Омыртқааралық буыншеміршектеріәлі де болсақалыңдау болып, омыртқа жотасыжақсы қимылдайды. Бұл кездесегізкөз, қүйымшақ омыртқалары бірігебастағанымен араларытолық бітпейді. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты иілістерікүшейе түскенімен, әлі де болсатүрақсыз болғандықтан, баланың бойытаңертең өлшегенде 5-6 см ұзын (ересекадамда 2-3 см ғана), кешкеөлшегенде соншалықты аласаболыптұрады. 4-5 жасқа дейіномыртқалар тез өсіп, иілістерітолық қалыптасады..

  • Слайд 14

    Бұл кезденбастапбалалар мен ересекадамдардың омыртқа жотасындафизиологиялық қалыпты 2 лордозы (мойынжәне бел омыртқа), 2 кифозы (кеудежәне сегізкөз) иілістерітүзіледі. Отырғанда салмақ бел омыртқа иілісінекөбірек түсіп, олқисаяды, ал жатқанда мойынжәне бел омыртқаларының иілістерітүзеледі. Бала омыртқасының сүйегінің қатаюы жылдамболғанымен, олардың диафиздеріндешеміршекқалың боладыжәне омыртқа аралық шеміршектерібиіккеледі. Сегізкөз бенқүйымшақ сүйектері бітебастайды. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жасарасындаомыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасындажұқа болса да, шеміршектіқабаты сақталады.Омыртқа аралық шеміршектерқалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жастааяқталады

  • Слайд 15

    Екіұзын сіңір байламдарыбастың шүйде сүйегінен басталып, мойын, көкірек жөне бел омыртқа бөлімдерінен өтіп, сегізкөздің жоғарғы жағына дейінжетеді. Алдыңғы ұзын сіңір байламыомыртқалардың денесінің алдынанжайпақ лента тәрізді созылыпжатады, ал артқы байламыомыртқа каналының ішіменжіңішке лента іспеттісозылып, омыртқа аралығында сәл жалпақтанады. Қысқа сіңір байламдарыкөршілес екіомыртқа доғаларын, арқа және көлденең осінділерісегізкөзбен құйымшақ сүйектерін байланыстырады. Бұл байланыстар мен омыртқа иілістерісоққы, сілкіну, солқылдау жағдайларында дененісерпімдіетіп, зақымнан сақтайды, түрлі қимыл қозғалыстарын тудырады. Көрші омыртқалардың бір-біріменқимылы шектелгенімен, жалпыомыртқа жотасының қимыл мүмкіндігі мол. Ол 160 градусқа дейінеңкейіп, 145 градусқа дейіншалқаяды, оңға-солға 165 градусқа, ал озосінде 120 градусқа дейінқозғалады. Бұған қоса, омыртқа жотасының иілістерідененің серпімдіболып, жеңіл қозғалуына мүмкіндік тудырады.

  • Слайд 16

    Қабырға. Адам денесінде 12 қос қабырғалар бар. Әрбір қабырға жалпақтау ұзын сүйектен және шеміршектентұрады.Оларбір-біріменжалғасып кеткен. Қабырғаның б а с ы, м о йыны, д е не с іболады. Оның омыртқамен жалғасқан жерінқабырға басы депатайды да қалған жері мен басының арасындағы жіңішкелеу жерінмойындейді. Қабырға денесінің алдыңғы жақ үшы тоссүйегімен жалғасады.Жоғарғы қос қабырғаның мойыны мен денесінің қосылатын жеріндегіқабырға бұдыры омыртқаның колденең өсіндісімен жалғасады. Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2-айлығында VI-VII қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа келгендеқабырғаның ортасы мен бұрыш ындағана тығыз сүйектері болады, яғни қабырғаның 40%-ында ғана остеондық құрылысы болады, 6-7 жастақабырғаның алдыңғы жағы толық сүйекке айналады.

  • Слайд 17

    Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейінболады. Төстің төменгі жағының шеміршектері 15-16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жастасүйекке айналып, төс сүйегінің бөліктері жалғасып, арасыбітіпкетеді, ал семсершенің сүйектенуі 30 жасқа дейінсозылады. 1 жастағы баланың көкірек қуысы екібүйірінен қысылған конус тәрізді, 12-13 жастағана ересекадамның көкірек қуысындай болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериялары, өкпе, бауырдықорғайды.Соныменқатар, тынысмүшелерінің еттерінің және қол еттерінің бекігенжері. Осы сүйектерің қозғалмалы байланыстаболуыарқасында адамтынысалуғамүмкіншілік алады. Ауыржұмыстың әсерінен денешынықтыруға байланыстыкокірекқуысының көлемі кішірейеді.

  • Слайд 18

    Ж а у ырын - жалпақ қос сүйек, оломыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық етарқылы жалғасқан. Жаңа туған сәбидің жауырынсүйегінің иық, құс тұмсық өсінділерінде, буынбетінде, омыртқа жақ шетінде, жоғарғы жәңе төменгі бұрыш тарындашеміршектерболады. Жауырынсүйектері жігіттерде 19-20, қыздарда 18 жастақатады. Бұғана бала туаралдындаоның төс жақ ұшынан басқа жерісүйекке айналыпүлгереді. Ал төс жақ үшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жастааяқталады.

  • Слайд 19

    Тоқпан жілікнемесеиық сүйектері 20-25 жастақатайып, екібасында тек шеміршектеріқалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланыстыболғандықтан, 22 жасқа дейінжілікбасынкесугеболмайды. Кессе, жілікөспей қысқа болыпқалады. Кәрі жіліктің қатуы 20-25 жастажігіттерде, 17-20 жастақыздарда аяқталады. Ш ын т а қ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-22 жастааяқталады, бой жеткендердесәл ертеқатады. Б і л е зі к сүйектерінің қатуы 14-16 жастааяқталуға жақын болады. Ең алдыменШ-ші, ең соңында І-шіжәнеV-шісүйектері қатады. С а у с а қ сүйектері 16-18 жастақатып аяқталады.

  • Слайд 20

    Ортанжілікадамденесіндегіең ірісүйек.Оның жілік басы, денесіболады. Жілік басы мен денесінің арасындамойыны бар. Мойыны мен денесінің қосылатын жеріндебүдырлау орналасқан ұршықтары болады. Бала туғаннан кейіналғашқы 5 жылдаортанжілік тез өседі де, 5-9 жасарасындақыздардың ортанжілігіжылданжылға баяулап, ер баланың жілігібірқалыпта баяуөседі. Жілік басы мен мойыны 14-20 жастабірігіпкетеді. Осы мерзімдеұршықтары, мойыны, денесібір-біріменжалғасады. Ортанжілік 18-20 жастаөсуін тоқтатады. Асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейінөсіп, оданәрі қарай өсуін тоқтатады. Олартөмен қарай өседі, яғни үзарады.Асықты жіліктің шеміршектері бала неғүрлым тез жүріп кетсе, соғүрлым тезөседі.

  • Слайд 21

    Табансүйектері өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен қүралған.Өкше сүйектеріне нағыз өкше сүйегі, тепкіш, қайық , сына, куб тәрізді сүйектер жатады. Бұлардың өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейінбайқалады. Бақайшақтар бес ұсақ жұмыр пішіндіәртүрлі сүйектерден тұрады. Қыздарда - 17, жігіттерде - 20 жасқа дейінөседі.

  • Слайд 22

    Жаңа туған сәбидің ми сауытының сүйектері бір-біріменжұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнешесүйектердің қосылатын жеріндеүлкен болады. Ондайжерінбаланың еңбегі депатайды. Ми сауытының ондайжерлеріекі-екіденсамайда (жалпы саны 4), маңдайда және шүйдеде бір-бірденболады. Барлығы 6. Маңдай еңбегі 1 жасқа жақындағанда, қалғандары 2-3 айда бітеді де, қатты қабықпен жабылады. ми сауытысүйектерінің арасындағы жіктері 4 жасқа жақындағанда бірігіпкетеді де олардың өсуі тоқталады. Бет сүйектері жыныстық жетілугедейінөсіп, соданкейінөсуі тоқталады.

  • Слайд 23

    Қорытынды

    Сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, мезгіліндеқатаюына тамақтың құрамындағы минерал заттарының, витаминдердің әсері көп. Әсіресе алғашқы жылытамақтану және далаға шығып ауажұту талаптарыбұзылғанда мешелауруытуып, жіліксүйектері, көкірек қуысы мен омырткасүйектері дұрыс қалыптаспайды. Бұл түрғыдан алғанда кішкентайбаланыдалаға шығарып, күннің ультракүлгін сәулелері әсер етуінемүмкіндік тудырудың маңызы зор. Себебіолсәулелердің әсерінен баланың денесінде Д витаминітүзіледі де, минерал заттарының алмасуыдұрыс реттеледі. Әсіресе сүйектің құрамындағы кальций, фосфор тұздары ның алмасуыжөнделеді, ал күннің ультракүлгін сәулелері терезенің шынысынанөтпейді, сондықтан үйден шықпаған баланың сүйегі дұрыс жетілмейді. Ауарайынақарамай баланыдалаға шығарып отырса, тіптіөте қалың киімнен де сәуле өтіп, бала дұрыс өседі.

  • Слайд 24

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1.А.Рақышевтің оқу құралы «Адам анатомиясы» біріншітомы 2.Френк Неттер «Атлас анатомии человека » 3. Анатомия человека. В 2-х томах Сапин М.Р. 4.Анатомия человека для массажистов Белоголовский Г.Г. 5. Анатомия скелета. Анатомия человека в схемах и рисунках Крылова Н.В., Искренко И.А. 6.Анатомический Атлас. Функциональные системы человека Лютьен-ДрекольРохен 7.«Большой атлас по анатомии» Рохен Й., Йокочи Ч., Лютьен-Дреколль Э. 8.http://mercurschool.kz 9.http://images.yandex.kz

Посмотреть все слайды

Сообщить об ошибке